inpink logo


    Нұр Желеу

    2:58
    • 928
    Әлемде белең алған діни экстремизм мен терроризм бізді айналып өтеді,- деп алаңсыз отыруға болмайды.Жастардың жат ағымға бет бұруына жол бермеу –қоғамның ортақ ісі.Осы тақырыпта Шымкент қалалық орталық мешітінде семинар өтті. Діни экстремизм, тероризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп. Бұл мәселе бүкіл әлемнің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Әсіресе, жастардың жат ағымға кетіп қалуы елімізді алаңдатады. Халықтың діни сауатының төмендігінен де сан соғып қалып жатырмыз. Семинарда мешіт имамдарына діни ағымдардың алдын алу,тәжірибесі мен біліктіліктерін арттыру жайы сөз болды. Алтынбек Ұтысхан –ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Діни басқарманың жанынан арнайы топтар құрылған. Ол біреуі ранты, екіншісі жанты деп аталады. Республикалық ақпараттық насихат – ранты. Жанты жергілікті ақпаратты насихаттау. Ол топтар қала-ауыл демей барлық жерлерде дініміздің асыл құндылықтарын жеткізу арқылы, жат ағымның елімізді тыныштыққа шақырады. Ислам дінін желеу етіп, жат ағымның жолына түскендер көп.Жиында экстремизм мен терроризм жолына түскендердің 80 пайызға жуығы 19 -28 жас аралығындағы жұмыссыз тұрғындар екені айтылды. Шымкентте жүрген радикалдардың басым бөлігі Сайрам тұрғын алабы мен Ордабасы алаңындағы «Хаттани» мешітіне келетіні расталған. Асқар Сабдин – «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің дінтанушы-ұстазы Бұл семинарда діни радикалдар мен діни экстремизм діни терористермен қалай жұмыс істеу керек? Қандай әдістер қолдану керек. Оларды қалай райынан қайтаруға болады деген тақырыптарды қозғап жатырмыз. Радикалды ағымдарға кіргендердің басым бөлігі тұрмысы төмен, ақшаға мұқтаж жандар. Мысалы Түркияда террорлық топтардың саны аз. Себебі олар халықтың діни сауатын аша білген. Ал, біз әлде де исламның асыл құндылықтарын дұрыс жеткізуді қажет етеміз. Бұл ретте, мешіт имамдарының атқарар рөлі зор. М.ӘСЕМБЕК
    ЕЩЁ
    • СКАЧАТЬ
    Соңғы уақытта әлемде дінаралық және этносаралық қақтығыстар белең алып барады. Теріс пиғылдылар дінді...
    • СКАЧАТЬ
    автор | дата 03.02.2016
    Мұнай компанияларына техникалық қызмет көрсететін "СНПС-Ақтөбе көлік компаниясы" мен "Шығыс мұнай және...
    • СКАЧАТЬ
    Экстремистік және жат пиғылды теріс ағымдар дегеніміз не, оларға қандай топтар жатады? Жат ағымдар ұлттық...
    • СКАЧАТЬ